Өткен аптада 7 жол-көлік оқиғасы болып, 1 адам қаза тапты

АҚТАУ. Ақпанның 2-сі. ҚазАқпарат /Жетібай Шаханұлы/ - Қаңтардың 26-сы мен ақпанның 1-і аралығында облыс жолдарында 7 жол-көлік оқиғасы болып, 1 адам қаза тауып, 7 адам түрлі дәрежеде дене жарақатын алған.
None
None
Жол полициясы инспекторлары 1632 жол қозғалысы ережесін бұзу фактісін анықтаса, соның 65-і мас күйінде рульге отырғандар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ОІІД Жол полициясы басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.1962 жылғы О. есімді жүргіншіні қаңтардың 27-сі күні кешкі сағат 20:25-терде «Ақтау-Жаңаөзен» тас жолының 80/720 шақырымында «Газель» автокөлігі қағып кеткен. Жүргінші Қарақия аудандық орталық ауруханаға апара жатқан жолда жан тәсілім етті. Осы аптада сондай-ақ, Жаңаөзен, Ақтау қалаларында да жүргіншілерді қағып кету оқиғалары тіркелген. Қаңтардың 28-і күні таңғы 07:40-та Жаңаөзен қаласындағы «Мұнайшы» мәдениет сарайының алдындағы жолда «Шевролет Лосетти» машинасымен 1964 жылы туған Т. деген жүргізуші 1959 жылғы М. есімді жүргіншіні басып кеткен. Қаңтардың 30-ы күні Ақтау қаласындағы орталық аурухана алдында таңғы 08:00-де 1953 жылғы М. деген жүргізуші «Мазда 626» көлігімен 1948 жылғы В. деген кісіні қағып кеткен. Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді.
Соңғы жаңалықтар