13:34, 09 Қазан 2013 | GMT +5
Өткен аптада ел аумағында 6696 қылмыс тіркелді - ІІМ
АСТАНА. 9 қазан. ҚазАқпарат - Өткен аптада ел аумағында 6696 қылмыс тіркелді. Бұл туралы бүгін ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті.

«Апта ішінде 6 696 қылмыс тіркеліп, «ізі суымай» 2 875 қылмыстың беті ашылды. Бұрын жасалған 613 қылмыс, оның ішінде өткен жылдар санатындағы 17 қылмыс ашылды. Іздеу жарияланған 75 қылмыскер ұсталып, 3 дана қару тәркіленіп алынды», - деді ол. Сонымен қатар ресми өкілдің айтуынша, есірткінің заңсыз айналымына байланысты 46 қылмыс анықталды, оның ішінде 21-і сату фактісі. 53 келіге жуық есірткі заты, соның ішінде 140 грамнан астам героин тәркіленіп алынды.