15:45, 13 Қараша 2013 | GMT +5
Өткен аптада елімізде 7 мыңнан астам қылмыс тіркелді\
АСТАНА. 13 қараша. ҚазАқпарат - Өткен апта ішінде Қазақстан бойынша 7 130 қылмыс тіркелсе, «ізі суымай» 3 101 қылмыстың беті ашылды. Бұл туралы бүгін өткен брифингте ҚР ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз айтты.

Оның айтуынша, сондай-ақ, бұрын жасалған 726 қылмыс, оның ішінде өткен жылдар санатындағы 15 қылмыс ашылды. «Іздеу жарияланған 105 қылмыскер ұсталды. Есірткінің заңсыз айналымына байланысты 36 қылмыс анықталды, оның ішінде 17 сату фактісі бар. 110 келіден астам есірткі заты тәркіленіп алынды», - деді Н. Ораз.