Өткен аптада республика аумағында жол-көлік оқиғалары салдарынан 46 адам қаза болды

АСТАНА. 29 шілде. ҚазАқпарат - Өткен аптада республика аумағында жол полициясының қызметкерлері 37,5 мың жол қозғалысы ережелерін бұзу фактілерін анықтады, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы ІІМ Жол полициясы комитеті.

Өткен аптада республика аумағында жол-көлік оқиғалары салдарынан 46 адам қаза болды

Оның ішінде көлікті мас және есірткі қабылдаған күйінде басқарудың 897 фактісін, 7,8 мыңнан астам - жылдамдық режимін бұзуды, 669 - жолдың қарсы бағытына шығуды, рульде ұялы телефон пайдаланудың - 2,3 мың фактісін, 645 жаяу жүргіншілер өтпесінен өту бұзушылықтарын анықтады.

Сонымен қатар, 2,6 мыңнан астам жаяу жүргінші ЖҚЕ бұзған.

22-29 шілде аралығында 338 жол-көлік оқиғасы тіркелді, онда 46 адам қаза болды, 415 адам әр түрлі дәрежеде дене жарақатын алды.