Өткен аптада жемқорлыққа қатысты 12 лауазымды тұлға ұсталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Өткен аптада Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 80-нен астам сотқа дейінгі тергеуді тіркеді. Бұл туралы AntikorNews бағдарламасында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өткен аптада жемқорлыққа қатысты 12 лауазымды тұлға ұсталды

«12 лауазымды тұлға ұсталды, 10 тұлғаға қатысты «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды», - дейді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бірінші департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаров.

Сондай-ақ, Нұр-Сұлтан қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі «Нұр-Сұлтан қаласының Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы» ММ-нің басшысы мен басқа да тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады.


«Олар 100 000 теңгеден 1 000 000 теңгеге дейінгі ақшалай сыйақы үшін заңды тұлғаларға құрылыс-монтаждау жұмыстарымен айналысуға 1,2,3-санаттағы лицензияларды заңсыз беру бойынша құқыққа қарсы қылмыстық схеманы қолданды», - дейді ол.