Өткен аптадан бері төмен түскен доллар биржада 3,5 теңгеге қымбаттады
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы қымбаттады.

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 3,46 теңгеге қымбаттап, 537,63 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы — 533,87 теңге.
Kurs.kz мәліметіне сәйкес, Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 537,26 теңгеден сатып алынады, 539,34 теңгеден сатылады. Еуро 622,59 — 626,80 теңге, ал рубль 6,57 — 6,68 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 73,70 теңгеден сатып алынады, 76,38 теңгеден сатылады.
Елорданың ақша айырбастау орындарында:
— доллар 536,93 теңгеден сатып алынады, 539,76 теңгеден сатылады;
— еуро: сатып алу — 622,54 теңге, сату — 627,55 теңге;
— рубль: сатып алу — 6,60 теңге, сату — 6,67 теңге.
— юань: сатып алу — 73,65 теңге, сату — 76,79 теңге.
Еске салайық, 26 тамыз күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 2 теңгеге арзандап, 533,87 теңге болды.