14:05, 01 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Өткен айда еліміздегі күнкөрістің ең төменгі деңгейі 14 мың 581 теңгені құрады
АСТАНА. Қыркүйектің 1-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ -2010 жылғы тамыз айында еліміздегі ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы 14 мың 581 теңгені құрады. Бұл туралы ҚазАқпарат Статистика агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Келтірілген мәліметтерге қарағанда, негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларынан орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 2010 жылғы тамызда өткен аймен салыстырғанда 6,1 пайызға артқан. Ал осы көрсеткіш былтырғы 2009 жылдың тамыз айымен салыстырғанда 7,5 пайызға өскен. Бұның құрылымында ет пен балықты сатып алуға жұмсалған шығыстардың үлесі 18,5 пайыз, сүт, май-тоң май өнімдері мен жұмыртқаны сатып алу- 14,2 пайыз, жемістер мен көкөністерді - 16,8 пайыз, нан және жарма өнімдерін - 7,9 пайыз, қант, шай және дәмдеуіштерді сатып алу 2,6 пайызды құрады.