13:01, 31 Тамыз 2010 | GMT +5
Өткен демалыста Шығыс Қазақстанда 25 өрт ошағы сөндірілді
ӨСКЕМЕН. Тамыздың 31-і. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушы бөлімдері өткен демалыс күндері 25 өрт ошағын сөндірді, 18 апаттық-құтқару шараларын жүргізді. Абырой болғанда, құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Атап айтқанда, кеше Семейдің өртке қарсы қызметінің орталық диспетчерлік пультіне «Семей орманы» мемлекеттік мекемесі филиалының операторы қоңырау шалып, Жаңасемей орман шаруашылығының аумағында №3 орамда бұрынғы өртенген 30 гектардай аумақта құрғақ шөптің, бұталардың және жанып кеткен ағаштардың қалдықтары өртеніп жатқанын хабарлады. Өрт шыққан маңайдың топырағы айнала жыртып тасталып, өрттің таралу қаупінің алды алынды.