Өткен сенбі күні Павлодар облысында 6 мың гектар далалы алқап өртке оранды

АСТАНА. Қыркүйектің 20-сы. ҚазАқпарат - Өткен сенбі күні Павлодар облысында 6 мың гектар далалы алқап өртке оранды.
None
None

Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігінен хабарлағандай, өрт қыркүйектің 18-і күні 17.31 минутта Баянауыл ауданы, Қаратомар ауылдық округінің далалы алқабында болды.

Тілсіз жау облыс бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 5 адамы мен 1 техниканың, Қаратомар ауылдық округінің 30 адамы мен 2 техниканың, сондай-ақ жергілікті 10 тұрғынның күшімен қыркүйектің 19-ы күні түнгі сағат 2 жарымда ауыздықталды.

Абырой болғанда құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

Соңғы жаңалықтар