11:28, 01 Қаңтар 2023 | GMT +5
Өткен тәулікте 181 адамнан коронавирус анықталды
АСТАНА. ҚазАқпарат – Өткен тәулікте 181 адамнан коронавирус анықталып, 17 адам аталмыш дерттен жазылып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі таратқан деректерге қарағанда, 1 қаңтардағы мәлімет бойынша, 2 806 адам коронавирус инфекциясынан (–2 610+ және 196 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде 259 пациент стационарда, 2 547 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
8 адамның жағдайы ауыр,
5 пациенттің жағдайы өте ауыр,
2 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.