Өткен тәулікте Ақтөбе облысындағы болған дала өрттерінің аумағы 170 гектарға жетті

АСТАНА. Тамыздың 18-і. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданында дала өрттері орын алып, өткен тәуліктегі оның аумағы 170 гектарға жетті, деп хабарлайды Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
None
None

Жалын Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Бесқұдық ауылдық округінде дүйсенбі күні, сағат 14.30-да басталған. Өрттің аумағы 80 гектар жерді құрап, жалын кешкі сағат 22.00-ге қарай ауыздықталған.

Дәл сол күні сағат 16.20-да Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Сарыат ауылдық округінде өрт ошағы тіркелген. Бұл өрттің аумағы 90 гектар жерді құрады. Тілсіз жау сейсенбі, тамыздың 17-сі күні түнгі сағат 02.01-де толықтай сөндірілді.

Өрт салдарынан зардап шеккендер жоқ, деп хабарлады ТЖМ.

Соңғы жаңалықтар