08:46, 06 Маусым 2014 | GMT +5
Өткен тәулікте екі адам суға кетіп ажал құшты - ҚР ТЖМ
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы Аққайнар ауылында суға шомылып жүрген 1986 жылы туған азамат өзенге батып кеткен.
Оқиға 5 маусым күнгі сағат күндізгі сағат 2-лер шамасында орын алған. Кешкі сағат 17.18-де ШҚО ТЖД судан құтқару қызметінің қызметкерлері Р.Рахматуллиннің денесін Аққайнар өзенінен шығарып алды, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.
Сондай-ақ Қызылорда облысы Жалағаш ауданындағы Балтажарған көліне кешкі сағат 19.30-дарда 1988 жылы туған азамат Ж.Әбуов батып кеткен. Оның мүрдесін Қызылорда облыстық ТЖД судан құтқару қызметінің 3 адамы судан шығарып алған.