12:32, 21 Наурыз 2023 | GMT +5
Өткен тәулікте елімізде 70 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Өткен тәулікте елімізде 70 адам коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ДСМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

21 наурыздағы мәлімет бойынша, 1 765 адам коронавирус инфекциясынан (–1 595+ және 170 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 140 пациент стационарда, 1 625 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:• 2 адамның жағдайы ауыр,
• 4 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 3 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.