11:51, 08 Шілде 2009 | GMT +5
Өткен тәулікте республика тоғандарында төрт адам суға кетті
АСТАНА. Шілденің 8-і. ҚазАқпарат - Өткен тәулікте республика тоғандарында төрт адам суға кетті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кеше сағат 20.00-да Ақтөбе облысының Жарық ауылында Елек өзеніне шомылу кезінде екі адам суға батып кетті. 29 жастағы әйел мен 10 жасар қыз баланың денесін судан құтқарушылар алып шықты.
Сондай-ақ кеше сағат 14.10-да Қарағанды облысының Пришахтинск кентінде өнеркәсіптік сарқын су төгілетін тоғанға 14 жасар жасөспірім батып кетті. Оның денесін құтқарушылар алып шықты.
Сол күні Оңтүстік Қазақстанның Арыс қаласында сағат 19.30-да жергілікті тоғандардың біріне 32 жастағы ер азамат суға батып кетті. Оның денесі әзір табылған жоқ.