Өткен тәулікте боранда жолда қалған 300-ден астам адам құтқарылды
Кешелі бері ауа райының нашарлауына байланысты республикалық және облыстық маңызы бар автожолдарда шектеу енгізілді. Соған қарамастан жолда қалып қойған адамдар аз болған жоқ, деп хабарлайды Kazinform.
Өткен тәулікте ТЖМ ЖАО, ІІМ, жол қызметтері қар құрсауынан 106 адамды, оның ішінде 6 баланы құтқарды.

223 адамды, оның ішінде 4 баланы эвакуациялады.
Жалпы құтқарушылар авариялық және іздестіру-құтқару жұмысына 82 мәрте шықты.

ТЖМ дауылды ескерту кезеңінде алыс сапарға шықпауға кеңес береді.