Өткен жылы 428,7 млрд теңге мөлшерінде ұрланған активтер мемлекетке қайтарылды – Бас прокуратура
АСТАНА. KAZINFORM – Бұл туралы бүгін Бас прокуратураның кеңейтілген алқа отырысында мәлім болды, деп баспасөз қызметі.
Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, алқа отырыснда Бас прокуратураның 2024 жылы атқарған жұмыстары қорытындыланды.
Жиында өткен жылы атқарылған жұмыстар тураля баяндаған Бас прокурор Берік Асыловтың айтуынша, өткен жылы активтерді қайтару жөніндегі құқықтық тетіктерді нығайту жұмыстары да жалғастырылды.
Өткен жылы 428,7 млрд теңге мөлшерінде ұрланған активтер қайтарылды. Заң субъектілерімен келісімдер бойынша 48 млрд теңгеден астам сомаға 15 әлеуметтік және инвестициялық жоба іске қосылды.
Халықаралық тәжірибені ескере отырып, сот тәртібімен түсініксіз шыққан активтерді мемлекет кірісіне айналдыру практикасы енгізілді.
- Қазіргі таңда нәтиже бар екенін айта кету жөн болады (10 миллион долларға талап қанағаттандырылды, сома өтелді). Сонымен қатар, мүлікті ерікті түрде кері қайтару бөлігінде субъектілермен жұмыс жүргізілуде. Елдегі криминогендік жағдай тұрақты бақылауда. Қылмыстық құқық бұзушылықтар саны азайып келеді (140-тан 132 мыңға дейін; -5,3%) – деді Бас прокурор.
Осыған дейін антикор екі жылда 1,1 трлн теңгенің заңсыз активтері қайтарылғаны туралы хабарлаған болатын.