Өткен жылы Қазақстан Қытайға қанша тонна ет экспорттады

АСТАНА. KAZINFORM – Еліміз өткен жылы Қытайға 215 тоннадай сиыр және тауық етін экспорттаған. Бұл туралы Kazinform агенттігінің сауалына ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі жолдаған ресми жауапта жазылған.

Мясо Сайгака Ақбөкен еті
Фото: Адлет Беремкулов/ Kazinform

— 2024 жылы Қытайға 60,8 тонна сиыр еті, 153,6 тонна тауық еті экспортталды. Ал 2025 жылғы қаңтар айында Алматы облысының Қарасай ауданында орналасқан «Meat and Farm» ЖШС Қытай еліне 35,1 тонна сиыр етін жеткізді. Биыл жыл соңына дейін ет экспорты өткен жылдың деңгейінде жоспарланып отыр, - делінген хабарламада.

Өткен жылы Қазақстаннан Қытайға сиыр, жылқы және тауық етін жеткізу келісімшартына қол қойылған болатын. Соған сай биылдан бастап көрші елге қазақ жылқысының да еті жеткізіле бастауы тиіс.