Өткен жыл ішінде өнеркәсіптік өнімнің нақты көлем индексі 100,5 пайызды құрады

АСТАНА. 11 қазан. ҚазАқпарат - Өткен бір жыл ішінде өнеркәсіптік өнімнің нақты көлем индексі 100,5 пайызды құрады.
None
None

Бұл туралы Статистика агенттігінің баспасөз қызметінен хабарланды.

Атап айтқанда, агенттік мәліметтеріне сәйкес, 2012 жылғы қаңтар-қыркүйекте 2011жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда көмір, табиғи газ және түсті металдарды өндіру артты.  Бұдан бөлек, тамақ өнімдерінің және сусындардың, химия және жеңіл өнеркәсібінің, машина жасау және мұнай өңдеу өнімдерінің өндірісі да біршама жоғарылады. Жалпы, агенттік мәліметінше, еліміздегі өндірістің өсуі республиканың 10 өңірінде байқалды. Төмендеу Ақмола, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Маңғыстау облыстарында және Астана қаласында тіркелген.

Соңғы жаңалықтар