Өткен жыл несімен ерекше есте қалды - Қарағанды облысы

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - 2019 жыл қарағандылықтар үшін қандай болды? Доңыз жылы өңір тұрғындарын несімен қуантты және қандай оқиғалар орын алды? Ол туралы ҚазАқпарат тілшісінің шолуынан оқи аласыздар.
None
None

Қаңтар айының соңында Қарағанды облысы «жасыл» технологияларға көшу бойынша ауқымды жұмыстарын бастады. Саран қаласында Орталық Азиядағы ең ірі күн электр станциясы іске қосылды.


164 гектар аумақта 307 мың вольттық панельдер орналастырылған. Олар күн энергиясын электр қуатына түрлендіреді

Сәуір айында тағы бір қайғылы оқиға қарағандылықтардың көңілін түсірді. 2018 жылғы 21 сәуірде Бұқар Жырау ауданы Үштөбе ауылынан 4 шақырым жерде «Авиациялық оқу-жаттығу орталығы» ЖШС «Балапан» қону алаңында жеңіл моторлы FK-14 В2 «Polaris» ұшағы апатқа ұшырады.

Ұшақ апатқа ұшыраған кезде бортта 2 адам болған, олар оқиға орнында қаза тапты, атап айтқанда ұшқыш-нұсқаушы - Юрий Артемов және ұшқыш Мереке Әукешев.

Оқу жылы аяқталған күні Қарағандыда Орталық мәдениет және демалыс саябағының аумағында қатты жел салдарынан үрлемелі батут аударылып қалды . Салдарынан 2007 жылы туған бір бала қайтыс болды, 2004 және 2012 жылы туған екі бала түрлі жарақатпен ауруханаға жатқызылды. Тағы бір бала сол қолдың саусағын жұлып алған - ол жарақат пунктіне жеткізілді.

9 маусымда қазақстандықтар ҚР Президентінің сайлауында дауыс берді. Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекет басшысы болып сайланды.


Осы күні қарағандылықтар ғана емес, бүкіл дүние жүзі атақты боксшы Геннадий Головкиннің жекпе-жегін бақылады. Қазақстандық боксшы (38-1-1, 34 КО) канадалық Стив Роллсты (19-0, 10 КО) нокаутқа жіберді. Нью-Йоркте (АҚШ) Madison Square Garden аренасында өткен кездесу төртінші раундта аяқталды. Біздің отандасымыз қарсыласын нокаутқа жіберді. Жарыс аралық салмақта (74,4 кг дейін) өтіп, бокс кешінің басты оқиғасы болды.

Қарағандылық боксшы мен канадалық Стив Роллстың жекпе-жегі кеншілер шаһарындағы сайлау учаскелерінде көрсетілді. Былғары қолғап шеберлері кездесуінің көрсетілімі бірнеше мектепте ұйымдастырылды.


Жаздың аптап ыстық күндері Қарқаралы табиғи паркіндегі ірі орман өрті қарағандылықтардың есінде қалып қойды. Бақтыдағы табиғи өртті сөндіру жұмысы төрт күнге созылды. Жұмыс тәулік бойы жүргізілді. Төтенше жағдайды жою аймағында жедел штаб жұмысы ұйымдастырылған. Өрт сөндіру жұмысына басшылықты Қарағанды облысы ТЖД бастығы Ибрагим Күлшімбаевтың өзі қолға алды. Жалпы, төтенше жағдайды ретке келтіру жұмысына 370 адам мен 60 арнайы техника жұмылдырылған. Су шашатын үш тікұшақ тілсіз жауды ауыздықтауды әуеде жалғастырды. Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің нақтылаған мәліметі бойынша, өрттің жалпы аумағы 3700 га аумақты құрады. Оның ішінде орман аумағы – 1900 га.


Қыркүйек айында Қарағанды облысының әкімі ауысты. Үкімет басшысы Асқар Мамин Қарағанды облысы мәслихатының кезектен тыс сессиясына қатысты. Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерлан Қошанов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды.


Сондай-ақ қарағандылықтар айрықша рекордпен ерекшеленді. Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданында әлемдік рекорд орнатылды. Бір мезгілде тұрғындар 10 000 литр қымыз пісті. Бұл жетістікті халықаралық сарапшылар тіркеген. Қарағанды облысының тұрғындары Жаңаарқа ауданының 90 жылдығын және Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдығын атап өтті. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қазақтың ұлы ақыны мен жазушысының мерейтойы үлкен ауқымда тойланды. Жергілікті фермерлер туған өлкесін әлемге паш ету жөнінде шешім қабылдады. Жетістікті халықаралық сарапшылар тіркеді. Ерекше акцияға ауданның 12 ауылы мен 2 кентінен жиналған 1000 адам қатысты. Олар бір уақытта арнайы күбіде 10 000 литр қымыз пісті.


1 қыркүйекте Қарағанды облысында МӘМС пилоттық жобасы ұсынылды. Қарағандыда медициналық мекеме жұмысының мысалында МӘМС бойынша жоба қалай жүзеге асырылатынын көрсетті. Қарағанды облысын міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізудің пилоттық жобасын іске асыруға дайындау шеңберінде үлкен жұмыс атқарылды. Біріншіден, денсаулық сақтау басшылығы цифрландыруға үлкен көңіл бөлді. Облыста кешенді медициналық ақпараттық жүйе (ҚАЖК) жұмыс істейді. Меншік нысанына қарамастан барлық медициналық ұйымдар Бірыңғай цифрлық кеңістікке біріктірілген және республикалық ақпараттық жүйелермен интеграцияланған. Емханаларға тіркелген әрбір тұрғынға электрондық денсаулық паспорты енгізілді. Облыстың 400 мыңнан астам тұрғыны «ДамуМед»мобильді қосымшасының пайдаланушылары болып табылады. Ауылдық денсаулық сақтаудың шалғайдағы объектілерін интернетпен толыққанды қамту мәселесі МЖӘ тетігін пайдалана отырып шешіледі.

Бүгінгі күні қорда айтарлықтай қаражат қоры жинақталған, олар 2020 жылдан бастап ТМККК және МӘМС-ке медициналық қызметтерді төлеуге бағытталатын болады. 2019 жылғы 31 қазандағы жағдай бойынша түсімдердің жалпы сомасы шамамен 224 млрд теңгені құрады. Оның ішінде 215 млрд теңге (96% – ға жуығы) жұмыс берушілердің аударымдарына және 8,8 млрд теңге (4%-ға жуығы) - азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлер мен тұлғалардың салымдарына тиесілі. Өңірлер бөлінісінде ең көп сома бұрынғысынша Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларынан, сондай-ақ Қарағанды облысынан түседі.


Соңғы жаңалықтар
Референдум