Өткен жылдың желтоқсанында халықтың жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары 44 370 теңгені құрады - Статистика

АСТАНА. 14 ақпан. ҚазАқпарат - Өткен жылдың желтоқсанында халықтың жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары 44 370 теңгені құрады, деп хабарлады ҚР Статистика агенттігінің баспасөз қызметінен.
None
None

«2010 жылғы желтоқсанда халықтың орташа жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары алдын ала берілген деректер бойынша 44 370 теңгені құрап, 2009 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 14,2 пайызға артты. Нақты ақшалай табыстары 6,0 пайыға өсті», - делінген ведомство ақпаратында.

2010 жылғы желтоқсанда орташа жан басына шаққандағы ақшалай табыстардың көлемі бойынша Маңғыстау, Атырау облыстары және Астана қаласы алдыңғы қатарда болды, аталған көрсеткіш орташа республикалық деңгейді 2,2-2,1 есеге арттырып отыр.

Өткен жылдың желтоқсанда табыстары ең төмен өңірлер қатарында Оңтүстік Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстары болды, осы өңірлерде халықтың табыс мөлшері республикалық деңгейден орташа алғанда 51,1 және 80,2 пайызды құрады. Сонымен бірге, халықтың нақты ақшалай табыстарының ең көп өсу қарқыны Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарында белгіленді.

2010 жылғы желтоқсанда өңірлер бойынша атаулы ақшалай табыстардың ең жоғары және ең төмен мөлшерлері арасындағы ара қатынас 4,4 есені құрады (2009 жылғы желтоқсанда - 4,0 есе).

Соңғы жаңалықтар