Өткен жылу беру маусымында мыңға жуық апаттық жағдай тіркелді - С.Нокин

«7 мамырдағы жағдай бойынша 2011-2012 жылдардағы жылу беру маусымы барша өңірлерде аяқталды. Үкіметтің тапсырмасы бойынша жылу беру маусымы барысында агенттік жанында аталған шараға тұрақты мониторинг жүргізу үшін диспетчерлік орталық жұмыс істеді. Жалпы, жылу беру маусымы қанағаттанарлық деңгейде өтті», - деді С. Нокин.
Оның сөзіне қарағанда, 2011-2012 жылдардағы жылу беру маусымы барысында диспетчерлік орталық жүйелері мен коммуналдық шаруашылық нысандарында 976 апаттық жағдайды тіркеді. Оның ішінде 62-сі жылумен қамтамасыз ету, 852-сі сумен қамтамасыз ету және су бұру жүйелерінде орын алды. Ал, бұдан бөлек 62 жағдай қазандықтардың тоқтап қалуына байланысты болды.
«Апаттық жағдайлар барынша қысқа мерзімде жойылып отырды. Сараптамаға қарағанда, апаттардың көпшілігі инженерлік жүйелердің тозуынан орын алып отырды», - деді агенттік басшысы.