Өткен жылы 7 мыңнан астам шаруашылық субъектілері тексерілді - Қоршаған ортаны қорғау министрлігі

АСТАНА. Ақпанның 11-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - 2008 жылы 7 мыңнан астам шаруашылық субъектілері тексерілді. 6 мыңнан астам субъектілер жалпы құны 18 миллиард теңге көлемінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
None
None
Бұл туралы бүгін Астанада 2008 жылы атқарылған жұмыстарға байланысты өткен брифингте Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Мұрат Рақымбергенов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Оның айтуынша, экологиялық зиянды өтеу бойынша 20 миллиард теңгеге 1500 талап ұсынылған. Сондай-ақ шаруашылық қызметтерін тоқтатуға байланысты 175 материал сотқа жолданып, оның ішінде 119 кәсіпорынның жұмысы сот тәртібі бойынша уақытша тоқтатылды. 2008 жылы экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін компанияларға ірі көлемде әкімшілік айыппұлдар салынған. Атап айтқанда, «Қазгермұнай» ЖШС-на 7,9 миллиард теңге, «Петро Қазақстан Құмкөл Рессорсиз» АҚ-ға 2,5 миллиард теңге айыппұл белгіленген.
Соңғы жаңалықтар