Өткен жылы астаналық тұтынушылардан 4935 арыз түсті

Т. Жағыпарованың айтуынша, тұтынушылардың құқығын қорғау қоғамына кәсіпкерлерге жаза тағайындау немесе айыппұл салу сияқты белгілі құзірет берілмеген. Қолдан келетіні тек сапасыз өнім шығаратын алаяқтарды немесе мерзімі өткен азық-түлік сататын дүкендерді анықтап, тиісті органға хат жазу. Ал тиісті мекеме 14 жұмыс күні ішінде хатқа жауап беруі тиіс.
«Осындай келеңсіздіктерді болдырмау мақсатында «Әділет» тұтынушылар құқығын қорғау қоғамы дөңгелек үстелге астаналық кәсіпкерлер мен бизнес өкілдерінің басын қосып, қоғамды жайлаған індетпен бірігіп күресуге шақырды. Бүгінгі таңда Қоғамға 13 адам мүше, олардың барлығы 20 жылдық тәжірибесі бар зейнеткерлер. Төленетін жалақының аздығынан жастар мұнда келіп жұмыс істеуге құлықсыз», дейді Т. Жағыпарова.
Дөңгелек үстелдің соңынан «Әділет» тұтынушылар құқығын қорғау қоғамының төрағасы Қабыкен Закарьянов әділ кәсіпкерлер мен бизнес өкілдеріне марапаттау қағаздары мен сыйлықтар табыс етті.