Өткен жылы Ауыл шаруашылығы министрлігінің лауазымды тұлғаларына қатысты 115 соталды тергеу тіркелді - А. Шпекбаев

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро төрағасының орынбасары Алик Ішпекбаев ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі алқасының отырысына қатысты, деп хабарлайды сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомство баспасөз қызметі.
None
None

Мәжіліске 700-ден астам ауыл шаруашылығы саласының қызметкері қатысты, оның ішінде Министрліктің орталық аппараты, комитеттері мен ведомстволық бағынысты ұйымдары, сондай-ақ видеоконференцбайланыс арқылы аумақтық бөлімшелер өкілдері, сондай-ақ облыстар және Астана, Алматы қалалары әкімдерінің орынбасарлары қатысты.

Алик Ішпекбаев соңғы екі жылда жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерінде ілгерілеу үдерісі байқалатынына тоқталды, мұны азаматтар сауалдары мен сараптамалық қоғамдастық негізінде жасалған халықаралық рейтингтердің көрсеткіштерінен білуге болады. Бұл, бірінші кезекте, сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет саласында жүргізіліп жатқан жүйелі, кешенді реформаларға байланысты.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет төрағасының орынбасары сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеу мен стандарттар, қаржы бақылауының шаралары сияқты сыбайлас жемқорлық превенциясының жаңа құралдарын түсіндірді.

Алик Ішпекбаев сыбайлас жемқорлықты болдырмау мәселелерінде Этикалық кодекс маңызға ие екенін айтты. Ол мемлекеттік қызметке адалдық пен тұрақтылықтың қағидаттарын енгізу арқылы мемлекеттік қызметшілер қызметінің нақты этикалық стандарттарын айқындайды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет төрағасының орынбасары Министрлік мен оның бағынысты бөлімшелеріндегі жемқорлыққа қарсы іс-әрекет жағдайы туралы ақпаратты мәлімдеді.

2015 жылы ведомствоның лауазымды тұлғаларына қатысты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 115 соталды тергеуді тіркеді (талдау әр 3 күн сайын ауыл шаруашылығының бір қызметкері ұсталғанын көрсетті).

Министрліктің орталық аппараты, комитеттері мен ведомстволық бағынысты ұйымдары қызметкерлерінің жемқорлықтың кез келген пайда болуына төзбеуін, жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында атышулы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар бойынша олардың пара алғаны үшін ұсталған әріптестері фактілері бойынша видеороликтер көрсетілді.

Ол ауыл шаруашылығы саласындағы басым жобаларды қаржыландыруға бөлінген қаражатты шығындау мәселесін Жемқорлыққа қарсы қызмет ерекше бақылауға алғанын атап өтті.

Сондай-ақ алқа барысында ведомствода жасалған жұмыс туралы баяндамамен министрліктің жауапты хатшысы Арман Евниев есеп берді.

Соңғы жаңалықтар