Өткен жылы «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» 10,4 млрд. теңгенің 4960 несиесін берді

АСТАНА. 8 наурыз ҚазАқпарат - 2012 жылы «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» 10,4 млрд. теңгенің 4960 несиесін берді,
None
None

деп хабарлайды ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорына сілтеме жасап.

«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ның жинақтық несие қоржынынан белсенді қарыз алатындардың 40 пайызға жуығын әйелдер құрайды. Әйелдерді қаржылай қолдау басқа қаржы институттармен салыстырғанда, жеңілдетілген талаптар бойынша несие беру бағдарламасы арқылы жүзеге асырылады», - делінген қор хабарламасында.

Қордың басқарма төрағасының орынбасары Бақыт Құдасбаеваның айтуына қарағанда, 2012 жылы «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» 10,4 млрд. теңгенің 4960 несиесін берген. Оның ішінде 2,5 млрд. теңгенің 1492 несиесі әйелдерге бөлінген.

«Ауылдық шағын несие» бағдарламасы бойынша 2012 жылы қор тарапынан 3,1 млрд. теңгенің 3732 шағын несиесі берілсе, оның ішінде 1,1 млрд. теңгенің (35%)1285 шағын несиесі әйелдерге тиесілі болды.

2012 жылы «Сыбаға» бағдарламасы бойынша жалпы сомасы 5,9 млрд. теңге болатын 931 жоба (оның ішінде144 жобаны әйелдер жүзеге асырды) қаржыландырылды. «Егінжай» бағдарламасымен көктемгі дала жұмыстарына арналып 529,4 млн. теңгеге 222 жоба несиелендірді. Оның ішінде 67,3 млн. теңгенің 28 несиесі әйелдерге бөлінді.

«Ислам Даму Банкінің қаржысымен жүзеге асырылатын «Сәтті» бағдарламасының негізгі талаптарының бірі - тепе-теңдікті сақтау болып табылады, яғни несиелердің жартысы әйелдердің бизнес бастамасын қаржыландыруға бағытталуы қажет», - делінген қор ақпаратында.

Бағдарлама басталған 4 айдың ішінде 62,3 млн. теңгенің 23 жобасы қаржыландырылды. Оның ішінде 8 несие бойынша 17,5 млн. теңге әйелдерге берілді.

Соңғы жаңалықтар