Өткен жылы еліміздегі қонақ үйлер 183 млрд теңге табыс тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат – Былтыр туристерді орналастыру орындары 183 млрд теңгетабыс тапты. Бұл туралы Үкімет отырысында баяндама жасаған Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

«Еліміздегі қонақ үйлердің саны 284 бірлікке ұлғайып, шамамен 4 мыңға жетті. Олардағы жалпы сыйымдылығы 10 мың бірлікке көбейіп, 203 мыңнан астам төсек-орынды құрады. Былтыр туристерді орналастыру орындары 183 млрд теңгетабыс тапты. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 68%-ға жоғары», - деп тоқталды министр.

Асхат Ораловтың айтуынша, былтыр қонақ үйлерде көрсетілген қызметтер саны 1,6 есеге ұлғайған.

Қоса кетейік, өткен жылы Қазақстанға 1 миллионға жуық шетелдік турист келген.


Соңғы жаңалықтар