20:11, 17 Қаңтар 2011 | GMT +5
Өткен жылы еліміздің қаржы полициясы органдары 1,5 мыңнан астам сыбайлас жемқорлық қылмысты анықтады
АСТАНА. 17 қаңтар. ҚазАқпарат - Өткен жылы еліміздің қаржы полициясы органдары 1,5 мыңнан астам сыбайлас жемқорлық қылмысты анықтады. Бұл туралы бүгін Экономикалық және сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігінің алқа мәжілісінде айтылды, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.

«Қаржы полициясы органдарымен 1568 сыбайлас жемқорлық қылмыс анықталды. 1,5 мыңнан астам осындай қылмыстық іс сотқа жолданды. Мемлекетке жемқорлық қылмыстармен келтірілген 3,7 млрд. теңге залалдың орны толтырылды», - делінген баспасөз хабарламасында.
Бұл орайда сыбайлас жемқорлық қылмыстардың жартысынан көбін парақорлық (441) және бюджет қаражатын талан-таражға салу (400) фактілері құраған.