17:47, 18 Ақпан 2016 | GMT +5
Өткен жылы елордадан 2 мыңнан астам шетелдік шығарылды - Г.Дөненбаева
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2015 жылы елордадан сот шешімімен 2247 адам шығарылды. Бұл туралы бүгін Астана қалалық ІІД Көші-қон полициясы басқармасының бастығы Гүлвира Дөненбаева мәлім етті.

«Көші-қон полициясы заң бұзушылықтарды анықтағаннан кейін әкімшілік материалдарды жинап, сотқа жібереді. Қазіргі уақытта олар бойынша шешім шығарылған. 2015 жылы сот шешімімен Астана қаласынан 2247 адам шығарылды», - деді ол.
Оның атап өтуінше, елордадан шығарылғандардың қатарында ТМД, сонымен қатар алыс шет елдердің де азаматтары бар.
«Алыс шет елдің және таяу шет елдің азаматының заңнаманы бұзуындағы еш айырмашылық жоқ. Сот шешімі шығарылады. Яғни, сот санкциясы мен шешімі кез келген елдің азаматына бірдей», - деді ол.
Г.Дөненбаеваның атап өтуінше, бүгінгі күні Астана мен Алматы қалалары шетелдік еңбек мигранттары үшін барынша тартымды шаһарлардың бірі болып отыр.