Өткен жылы игерілмеген бюджеттік қаржы әлеуметтік мәселелерге жаратылады

КӨКШЕТАУ. Сәуірдің 7-сі. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ақмола облыстық мәслихатының шешімімен өткен жылы игерілмей қалған 296 миллион теңге биылғы әлеуметтік бағдарламаларды іске асыруға бағытталатын болды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Халық қалаулылары бұл қаржының басым бөлігін медицина қажетіне, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге, кадр біліктілігін арттыру мақсатына жұмсауға ұйғарды. Сонымен бірге Көкшетау қаласында 320 орындық балабақша салу, қан орталығы мен қалалық емхана құрылыстарын аяқтауға, нөмірі екінші аудандық бу қазандығының техникалық жағдайын жақсарту көзделген. Тиісті қаржының мақсатты игерілуін депутаттар фракциясы өз бақылауына алады.

Соңғы жаңалықтар