Өткен жылы Қазақстанда төтенше жағдайлардың салдарын жоюға 17,5 млрд. теңге жұмсалды - В. Божко

АНА. 14 қаңтар. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - 2010 жылы мемлекеттік бюджеттен төтенше жағдайлардың салдарын жоюға 17,5 млрд. теңге бөлінді.
None
None

Бұл туралы бүгін ҚР ТЖМ-ның алқа мәжілісінде аталмыш ведомство басшысы Владимир Божко мәлім етті.

«Әлемдік қаржы дағдарысынан шығу жағдайында бұл мемлекеттің экономикалық ауқаттылығын көрсетті», - деп атап өтті В.Божко.

Мысалға, оның сөзіне қарағанда, 2009 жылдың 6 сәуірінде жер сілкінісі болған Италияның Аквила қаласында ғимараттар әлі күнге дейін толық қалпына келтірілген жоқ.

«Қазақстанда Алматы мен Шығыс Қазақстан облыстарында зардап шеккендердің барлығына үйлері қайта тұрғызылып берді. Өтемақылар төленді, сонымен бірге қосымша әлеуметтік және мәдени нысандар, жаңа жолдар мен байланыс нысандары салынды», - деді ол.

Министрдің келтірген мәліметіне сәйкес, 2010 жылы апаттардан барлығы 10074 адам құтқарылды, 1723-іне медициналық және психологиялық көмек көрсетілді, 1350 үй қайта қалпына келтірілді, мемлекеттік материалдық резервтен 486 млн. теңге сомасына материалдық құндылықтар бөлінді.

Сондай-ақ ол, зардап шеккендерге қаржылай және заттай көмек көрсеткен ірі корпорацияларға, бизнесмендерге, үкіметтік емес ұйымдарға, шетелдік гуманитарлық ұйымдар мен барлық қарапайым азаматтарға алғысын білдірді.

Соңғы жаңалықтар