Өткен жылы кеден органдарының қызметкерлері есірткіні заңсыз тасымалдаудың 173 фактісін анықтады - Кедендік бақылау комитеті

АСТАНА. Қаңтардың 13-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Өткен жылы кеден органдарының қызметкерлері есірткіні заңсыз тасымалдаудың 173 фактісін анықтап, олар бойынша 213 қылмыстық іс қозғады.
None
None

Бұл көрсеткіш алдыңғы жылдан 5 пайызға артық болып отыр. Бұл мәліметтерді бүгін Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитетінің 2009 жылы атқарған жұмыстарына байланысты өткен баспасөз мәслихатында аталмыш комитеттің Контрабандамен күрес басқармасы бастығының орынбасары Мейірхан Мейірманқұлов келтірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның сөзіне қарағанда, кеден өкілдері иісшіл иттердің көмегімен есірткіні контрабандалаудың 115 фактісінің жолын кескен. Жалпы тәркіленген есірткілік заттардың көлемі 755,8 киләні құрап отыр.

Оның 118 киләсі героин. «Есірткімен күрес кеден органының басым бағыттарының бірі. Осыған қарай біз өткен жылдың қазан айында есірткіні Орталық Азиядан Қазақстанға одан әрі Ресейге жеткізу әрекетіне тосқауыл қоя білдік. Оқиға «Сұлуағаш» кеден бекетінде орын алды. Павлодарлық кеденшілер «Хюндай» көлігінің жолаушысы ретінде «Ош-Новосибирск» бағытында бара жатқан Қырғызстан азаматын ұстады. Иісшіл иттің көмегімен жүргізілген тексерулер барысында көліктен 6,6 килә гашиш табылды», деді басқарма бастығы.

Оның мәліметтерінше, өткен жылы кеден қызметкерлері өзге де күш-қуат құрылымдарымен бірлесе отырып, «Бақылауға алынған тасымал» тәсілі негізіндегі 14 іздестіру шараларына атсалысқан.

Соңғы жаңалықтар