Өткен жылы Маңғыстау облысында 173 өрт ошағы ауыздықталды

АҚТАУ. 20 қаңтар. ҚазАқпарат /Анаргүл Жексембай/ - 2010 жылы Маңғыстау облысында дабыл бойынша 173 өрт ошағы сөндірілген. Бұл туралы ҚР ТЖМ Маңғыстау облысы ТЖД «Өрт сөндіру және апаттық құтқару жұмыстары қызметі» ММ бастығының міндетін атқарушы, өртке қарсы қызметінің полковнигі Сырым Есболаев мәлімдеді.
None
None

Оның айтуынша, мемлекеттік мекеме 2010 жылғы кезеңде дабыл бойынша 1423 шақыруға барған.

«Өрттердің шығу нысандарын ескерсек, мына жағдайды байқауға болады: көбіне-көп өрт оқиғалары тұрғын үй секторы мен автокөліктердің өртенуі жөнінен тіркелсе, адамдар көп шоғырланған нысандардағы өрттің болуы жағындағы көрсеткіштердің аздығы байқалады. Өрттердің пайда болуының негізгі себептері тұрғындардың ұмытшақтығынан , мысалы, газ немесе электр жабдықтарын сөндірмей кетудің салдарынан. Үй иесі әйелдер дүкенге нан әкелуге кетіп, плитаға қойылған қазанның отын өшірмей ұмыт қалдыруы - әрбір екінші шақыртудың себебін құраса, әрбір үшінші шақырту - үйде үлкендердің қарауынсыз қалған кішкентай балалардың отпен ойнауы болып табылады. Осы орайда айта кететін жай, өткен жылы, осындай жағдайда екі баланы аман алып қалудың сәті түспеді», дейді МО Төтенше жағдайлар департаменті өртке қарсы қызметінің полковнигі Сырым Есболаев.

Соңғы жаңалықтар