10:48, 24 Қаңтар 2009 | GMT +5
Өткен жылы Маңғыстаудың өнеркәсіптік кәсіпорындарында 1518,7 млрд. теңгенің өнімі өндірілді
АҚТАУ. Қаңтардың 24-і. ҚазАқпарат /Жетібай Шаханұлы/ - 2008 жылы облыстың өнеркәсіптік кәсіпорындарында (шағын, қосалқы кәсіпорындарды, үй шаруашылығы секторын қоса алғанда) қолданыстағы бағалармен 1518,7 млрд. теңгенің өнімі өндірілген.

2007 жылмен салыстырғанда өндіріс көлемінің өсімі Ақтау қаласы және Маңғыстау аудандарынан басқа облыстың барлық өңірлерінде байқалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық статистика департаментіне сілтеме жасап. Облыстың кен өнеркәсібінде шикі мұнай және ілеспе газ өндіру - 2,8 пайыз, шикі мұнай мен табиғи газ - 3,0 пайыз, табиғи газ /жанар/ өндіру 1,4 есе артып, соның есебінен өнеркәсіп өндірісінің 4,0 пайыз өсімі қамтамасыз етілген. Өңдеу өнеркәсібінде есепті кезеңде 2007 жылмен салыстырғанда сусындарды қосқанда тамақ өнімдерін өндіру - 16,0 пайыз, басқа тамақ өнімдерінің - 1,8 есе, тері және теріден жасалған бұйымдар мен аяқ киім өндіру - 2,4 есе, тоқыма және тігін өнеркәсібі - 1,8 есе, сүрек өңдеу және ағаштан жасалған бұйымдарды өндіру - 7,9 пайыз, целлюлоза-қағаз өнеркәсібі - 12,5 пайыз, резеңке және пластмасса бұйымдары - 2,7 пайыз, металлургия өнеркәсібі және дайын металл бұйымдарын өндіру 49,8 есе артқандығының нәтижесінде өндіріс көлемінің 10,4 пайыз өсуі байқалды. Сонымен бірге, басқа да минералдық емес өнімдерді өндіру - 31,4 пайыз, өнеркәсіптің басқа салалары - 27,0 пайыз, машина жасау 4,9 пайыз кеміді. 2007 жылмен салыстырғанда электр энергиясын, газ бен суды өндіру және бөлудің жалпы көлемі сала бойынша 116,4 пайызды құрады. Нақты индекс көлемі электр энергиясын өндіру мен бөлудің - 9,9, газ тәріздес жанар-жағар майдың ? 14,8, бумен және ыстық сумен жабдықтаудың - 54,0, суды жинау,тазалау және бөлудің 56,3 пайыз артуы арқасында өсті.