18:38, 06 Ақпан 2009 | GMT +5
Өткен жылы мемлекеттік органдарға жеке және заңды тұлғалардан 16,5 млн. өтініш түсті ? Мәжіліс депутаты Е. Исақұлов
АСТАНА. Ақпанның 6-сы. ҚазАқпарат /Құралай Жолдыбаева/ - Өткен жылы мемлекеттік органдарға жеке және заңды тұлғалардан шамамен 16,5 миллион өтініш түсті.

Бұл туралы бүгін «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының офисінде «Нұр Отан» ХДП жанындағы Жемқорлықпен күрес жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің 7-ші отырысында аталмыш кеңестің мүшесі, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ержан Исақұлов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Тексерістердің көрсеткеніндей, орталық және жергілікті мемлекеттік органдарда жеке және заңды тұлғалармен жұмыс істеуді ұйымдастыру жөніндегі мәселелерге тиісті көңіл бөлінбейді. Тағы бір айта кетері, арыз ретінде түскен өтініштердің көбісі Алматы қаласында, ең азы Маңғыстау облысында тіркелген. Ержан Исақұлов өз сөзінде, «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы» ҚР заңының 6-шы бабына толықтырулар енгізу туралы пікірін білдірді.