Өткен жылы Оңтүстік Қазақстан халқының табысы 27 пайызға өсті

Атап айтқанда, өткен жылы өнеркәсіптік өнімдердің жалпы көлемі 240 миллиард теңгеге жетті, ауыл шаруашылығында 2,52 пайызға артты. Халықтың табысы 27,2 пайызға өсті. 28 мың адам жұмыспен қамтылды. Жыл бойына облыста барлық 1 013 мектепте жөндеу жұмыстары жүргізілді, 37 жаңа мектеп және 42 балабақша ашылды. Сондай-ақ 1,5 мың шақырым жол жөнделіп, 11 көпір салынды. 443 елді мекенде ауыз су мәселесі шешілді.
Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі саласында да біраз істер атқарылды. Шымкентте Тәуелсіздік монументі тұрғызылды, Ордабасы алаңы жаңартылды. Теміржол вокзалының алдында «Жібек жолы» ансамблі салынды, Тұрар Рысқұловқа ескерткіш орнатылды. Жол картасы аясында дендробақ жаңартылды.