Өткен жылы өрт-техникалық қауіпсіздігін бұзғаны үшін 2144 адам әкімшілік жауапқа тартылды - ТЖД бастығы

АСТАНА. Қаңтардың 14-і. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Өткен жылы Астана қаласында 170 төтенше жағдай орын алды. Бұл 2008 жылға қарағанда 29 пайызға көп.
None
None

Елордалық Төтенше жағдайлар департаментінің бір жылдық қорытындысын жариялау үшін журналистермен кездескен аталмыш мекеме бастығы Жұмабай Ескендіров осыны мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Департамент бастығының айтуынша, төтенше оқиғаларда 219 адам зардап шегіп, 67-сі - құрбан болған. Бұл көрсеткіштер 2008 жылмен салыстырғанда сәйкесінше 62 және 21 пайыздарға көп.

Өртке қарсы қызметтері тілсіз жауды ауыздықтау барысында 5058 адамды (2008 жылы - 2432) қауіпсіз жерге көшіріп, 34 адамды (96) құтқарған.

«Қомақты жұмыстар өрттердің алдын алу бағытында атқарылды. Өткен 12 айда инспекторлар 5561 нысанның өртке қарсы жағдайына тексеріс жүргізіп, ( 2008 жылы - 2182) өрт қауіпсіздігін бұзудың 24307 фактісін анықтады. Тексеріс нәтижесінде айыппұл ретінде әкімшілік жауапқа 2144 лауазымды, заңды және жеке тұлғалар тартылды. Өндірілген соманың көлемі - 14 миллион 408 мың теңге», - деп атап өтті ол.

Соңғы жаңалықтар