Өткен жылы прокурорлық қадағалау актілерімен мемлекет қазынасына 1 млн. 227 мың теңге өндірілді

АҚТАУ. Қаңтардың 19-ы. ҚазАқпарат. /Жетібай Шаханұлы/ - Былтыр «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» Заңы бойынша прокурорлармен 66 тексеру жұмыстары жүргізіліп, 350 заң бұзушылық дерегі анықталған. Заң бұзушылықты жою туралы 65 ұсыныс енгізіліп, қанағаттандырылған, 8 наразылық бойынша 16 заңсыз акт күшін жойды.
None
None
Прокурорлық актілермен мемлекеттік органдардың 57 лауазым иелері тәртіптік жауапқа, 36-сы әкімшілік жауапқа тартылды. Прокурорлармен сыбайлас жемқорлық жөнінде 2 қылмыстық іс қозғалып, 1 тұлға сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Бұл туралы облыс прокуроры Асқар Досекеновтың төрағалық етуімен 2008 жылдың жұмыс қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында айтылды. «Өткен жылы мемлекеттік органдар қызметінің заңдылығын қадағалау саласы бойынша нәтижелі тексерулер өткіздік. Қорытындысында прокурорлық қадағалау актілерімен мемлекет пайдасына 1 млн. 227 мың теңге өндірілді. Бір мысал, Жаңаөзен қаласы прокуратура қызметкерлерімен Түрікменстан азаматтарымен контрабандалық тауар тасу фактісі анықталып, оларға заңсыз тауар тасымалдауға көмектескен «Жаңаөзен» кеден бекетінің қызметкері Б.Оңдасынов пен аталған тұлғалар осы заңсыз әркеттері үшін сотталды» дейді А.Досекенов. Сондай-ақ өткен жылы жергілікті билікті басқару органдарына заң бұзушылық фактілер бойынша келтірілген наразылықтар қанағаттандырылып, 123 заңсыз актілер өзгертіліп, бұзылған. Оның 15-і нормативтік-құқықтық түрде жүзеге асқан. Облыс соттарында браконьерлік әрекеттері үшін 31 тұлғаға қатысты 17 қылмыстық іс үкім шығаруы арқылы қаралды. Осы барлық қаралған қылмыстық істер бойынша мемлекетке келген 7 831 943 теңге мөлшеріндегі зиян Маңғыстау облысы прокурорлары мен балық инспекциясының талап арыздарымен сотта толық қанағаттандырылып, өндірілді.
Соңғы жаңалықтар