Өткен жылы «Сыбаға» аясында 32 мыңға жуық ірі қара үшін 6 млрд. теңгеден астам несие берілді

АСТАНА. 12 ақпан. ҚазАқпарат - «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ өткен жылы «Сыбаға» бағдарламасы аясында 31 мың 756 бас ірі қара мал сатып алу үшін жалпы сомасы 6 млрд. теңгеден астам сомаға несие берді.
None
None

Бұл туралы компанияның баспасөз қызметінен хабарланды.

«2011 жылдан бастап корпорация «Ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін дамыту» жобасының негізгі бөлігі болып табылатын және фермерлік шаруашылықтардағы мал өнімділігін арттыру мен құруға бағытталған «Сыбаға» бағдарламасы аясында жаңа бюджеттік несиелеу бағдарламасын жүзеге асыра бастады. Өткен жылы аталған бағдарлама аясында 466 ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге жалпы сомасы 6 млрд. теңгеден астам сомаға несие берілді және аталған қаражатқа 31 мың 756 бас ірі қара мал сатып алынды», - делінген баспасөз хабарламасында.

Бұдан бөлек, 2012 жылы корпорация өндірісті, қайта өңдеуді, дайындауды, сақтауды, ауылшаруашылық өнімдерін тұтынуды және тауарлы-материалдық құндылықтармен қамтамасыз ету үшін ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер мен ауыл тұрғындарынан құралған 10 бірлестікті жалпы сомасы 790 млн. теңгеден аса несие қаржысымен қамтамсыз етті. Қаржыландырылған ауылдық тұтыну кооперативтерінің құрамына 207 ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері мен 378 жеке аула шаруашылықтары қамтылған.

«Сонымен қатар, ел Үкіметінің, ҚР Ұлттық Банкінің және Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің 2009-2011 жылдарға арналған дағдарысқа қарсы бағдарламасын іске асыру аясында, корпорация 2009 жылдан бастап инвестициялық жобаларды несиелеуді жүзеге асырып келеді. Бұл бағдарлама шеңберінде компания 2012 жылы жалпы сомасы 2 млрд. теңге болатын 15 инвестициялық жобаны қаржыландырды», - делінген баспасөз баянында.

Соңғы жаңалықтар