19:30, 01 Наурыз 2012 | GMT +5
Өткен жылы Талдықорғанда төрт көп қабатты үй және әлеуметтік маңызы бар бірқатар нысандар салынды.
ТАЛДЫҚОРҒАН. 1 наурыз. ҚазАқпарат - Талдықорғанда 2011 жылдың қаңтар-желтоқсанында төрт көп қабатты үй және әлеуметтік маңызы бар бірқатар нысандар салынды.

Тұрғын үйдің 34,5 мың шаршы метрі қолданысқа енгізілді, оның 19,4 мың шаршысы - тұрғындар қаржысына салынған.
Облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, 2012 жылы Талдықорғанда бес көпқабатты үйдің құрылысы жоспарланған, соның арасында коммуналдық, несиелік және жалдамалы үйлер бар.
Қаланың оңтүстік-батыс сілемінде тұтас шағын ауданның құрылысы жоспарланып отыр, ал жеке салуға арналған аудандардың инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдарының дамытылуына 554 миллион теңге бөлінген.