Өткен жылы учаскелік полиция қызметкерлері 27 мың қылмыстың бетін ашты

АСТАНА. Ақпанның 9-ы. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Өткен жылдың қорытындысы бойынша, учаскелік полиция қызметкерлері 27 мың қылмыстың бетін ашты. Бұл алдындағы жылмен салыстырғанда 1,3 пайызға көп.
None
None
Бұл мәліметтерді бүгін Ішкі істер министрлігінде өткен апталық брифингте министрліктің Ақпарат және тіл саясаты департаментінің бастығы Бағдат Қожахметов келтірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Оның айтуынша, елде жасалған әрбір екінші қылмысты учаскелік инспекторлар ашады екен. Ал жыл басынан бері олар 1 мың 451 қылмыс пен есірткімен байланысты 3 мыңға жуық әкімшілік тәртіп бұзушылықтарды әшкереленген. «Инспекторлардың ұсынысымен нашақорлар мен маскүнемдерді арнайы емдеу орындарына жіберу жөніндегі ұсыныстары бойынша сот органдары өткен жылы 8 мыңнан астам азаматқа қатысты шешім шығарды. Соңғы үш жылда спиртті ішімдіктен кейін жасалған қылмыстар саны 5,3 пайызға, рецидивті қылмыстар 20 пайызға, тұрмыстық-отбасылық жағдайдағы заңсыз әрекеттер 33 пайызға жуық кеміді», дейді департамент бастығы.
Соңғы жаңалықтар