Өткен жылы Жамбыл облысындағы «Super Pharm» ЖШС 177,6 млн. теңгенің өнімін шығарды

ТАРАЗ. 8 сәуір. ҚазАқпарат -  2011 жылы  Жамбыл облысындағы «Super Pharm»  ЖШС 177,6 млн. теңгенің өнімін шығарды, бұл жобалық қуатының 68 пайызы.
None
None

«Super Pharm» ЖШС бас директоры Карлығаш Қаймолдаеваның айтуынша, «Super Pharm» мен «СК-Фармация» арасындағы ұзақмерзімді келісім отандық емдеу-профилактикалық ұйымдар және бірреттік қолданылатын медициналық бұйымдарға деген сұранысты қамти алмақ. Келісім бойынша 1,085 млрд. теңгеден астам медициналық қажетті заттарды дайындамақ.

Кәсіпорын 2012 жылдың екінші жартысында өз өнімдерін Ресейге экспортқа шығаруды көздеуде. Сонымен қатар   «Elitech Group» француз компаниясымен бірлесіп құны 10 млн. еуроны құрайтын «экспресс-диагностика» тестін шығаратын кәсіпорын құруды жоспарлап отыр.

Бұл жайлы серіктестік директоры жақында  Жамбыл облысында болған сапары кезінде ҚР Индустрия және жаңа технология министрі Әсет Исекешеевке мәлім еткен еді.  Министр оған Қазақстанның даму банкі арқылы несие алуға кеңес берді және өз тарапынан көмектесуге уәде етті.

Соңғы жаңалықтар