Оттың қызуымен смартфон қуаттауға болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Stower Energy жастар командасы саяхатшылар мен туристерге арналған пайдалы құрал жасап шықты. FlameStower смартфонды термоэлектрлік әсерді пайдалана отырып оттан немесе туристік оттық көмегімен қуаттандырады. Бірнеше сағат ішінде смартфонның қуаты толық қалпына келеді.

Оттың қызуымен смартфон қуаттауға болады

FlameStower бұл оттың үстіне қойылатын темір пластина. Жоғары температурадан электр қуатын өндіреді. Ол ноутбуктің USB-портындай тоқ береді.

Құрылғының құны өндірушілер сайтында 99 долларға (32 591 теңге) бағаланып отыр.