Отырар ауданында «Толағай» отбасылық сайысы өтті - ОҚО

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданының Темір ауылында ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Толағай» отбасылық сайысы өтті, деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.
None
None

Сайысқа аудан әкімінің орынбасары Рыскелді Әліш қатысып, шараға қатысушыларды ел Егемендігінің 25 жылдық мерейлі мерекесімен құттықтады.

Құттықтау сөзінде «Мемлекетіміздің басты байлығы - ұрпақ саулығы» деп, Елбасымыз айтқандай, халықтың денсаулығы басты қазынамыз екендігі рас. Халық даналығында: «Тәні мықтының, рухы мықты», «Дені саудың, жаны сау», «Денсаулық - басты байлық», «Спорт-денсаулық кепілі» деген сөздердің мәні тереңде жатыр. Салауатты өмір салтын ұстана отырып, отбасы құндылықтарын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған бүгінгі сайыстың маңызы зор»,-деді Р.Салхутдинұлы. Ата-аналарды қатыстыра отырып, өткізілген бұл сайыстың мақсаты баланы өмірде белсенді болуға, алға қойған міндеттерді орындауға үйрету, қимыл-қозғалыс қабілеттерін дамыту, балаларды шапшаңдыққа, жылдамдыққа, төзімдікке, салауатты өмір салтына тәрбиелеу. ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай өткен «Толағай» отбасылық сайысысына қатысқан 4 отбасы 8 сайыс түрі бойынша бақтарын сынады.
«Халықтың салауатты өмір салты мен ден саулық сақтау мәселелері жөніндегі білімі мен хабардарлығын арттыра беру міндет. Халық арасында спорттың бұқаралық сипатталуы на және спортты насихаттауға ерекше ден қою керек...» - деп, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында айтқандай, өскелең ұрпақ - біздің ертеңіміз болғандықтан олардың спорттық білімдерін арттырып қана қоймай, осындай акцияларды көптеп ұйымдастыру жастардың салауатты өмір салтын дұрыс ұстануға өз септігін тигізері сөзсіз! 

Соңғы жаңалықтар