23:08, 12 Шілде 2015 | GMT +5
Ойдың күші генетикалық кодты өзгерте алады - ғалымдар
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ойдың материалдылығы жайлы көптен бері айтылып жүр, ал бұл тақырыпқа ғылыми зерттеулер мүлдем болмаған. Америкалық генетик Брюс Липтон таяуда адамның ойлау күші өзінің генетикалық кодына ықпал ететінін мәлімдеді. Оң әсерге сенімділік кез келген бастаманың сәттілігін айқындайды.

Бірқатар эксперимент жүргізудің мақсаты аурудың туындауы мен психологиялық көңіл күй арасындағы өзара байланысты анықтау болды. Нәтижесінде генетик сырқаттың дамуына психологиялық тетіктер маңызды рөл атқаратынын анықтады. Оптимистік көңіл күй аурудың алдын алса, пессимистік көңіл күй аурудың асқынуына әкеледі, деп жазады independent-news.ru.
Липтон сауығып кететініне сенімділік генетикалық кодқа әсер етеді, тіпті генде айқындалғанына қарамастан, теріс әсері төмендеп, оңалуға ықпал ететінін мәлімдеді.