Ойын автоматтары бөліміне қарақшылық шабуыл қылмысы ашылды ? Шымкент

ШЫМКЕНТ. Ақпанның 5-і. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ - Шымкент полицейлері қаладағы сауда үйлерінің біріндегі ойын автоматтарына қарақшылық шабуыл жасаған екі жас жігітті ұстады,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Ақпан айының басында белгісіз екі адам бетперде киіп, ойын автоматтары бөлімінде күзетші мен операторды ойыншық автоматпен қорқытып, 45 мың теңгені, 30 мың сомның екі ұялы телефонын, сондай-ақ 5 мың теңге мен автоматтардың 14 кілтін алып кеткен.Жедел-іздестіру шараларының барысында ОҚО ІІД торуыл полициясының қызметкерлері күдікті екі адамды ? Арыс және Шардара қалаларының тұрғындарын ұстады. Тергеу барысында күдіктілер қылмыстарын мойындады, олардан айғақ заттар тәркіленді. ҚР Қылмыстық кодексінің 179-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Соңғы жаңалықтар