Өз әйелін өлтіріп, баласын базарға тастап кеткен сотталушының қылмысы дәлелденді

ОРАЛ. 8 мамыр. ҚазАқпарат -  БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың үкімімен А.Сәдуақасов азаматтық некеде бірге тұрған
None
None

С.Әбілғалиеваны қасақана өлтіргені үшін кінәлі деп танылып, ҚР ҚК-нің 96-бабының 1-бөлігімен 9 жылға бас бостандығынан айырылды.

Облыстық прокуратураның баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, А.Сәдуақасов С.Әбілғалиевамен 2007 жылдан бастап азаматтық некеде бірге тұрған және олардың ортақ сәбилері - қызы С.Сәдуақасова бар. Өзінің отбасы туралы А.Сәдуақасов екі жылдың ішінде өз жақындарына және кейін отбасын құруға ниеттенген құрбысы А.Есеналиеваға хабарламаған. Бұл ретте С.Әбілғалиева және қызы С.Сәдуақасова оған масыл болып, оларды қамтамасыз ету материалдық қиындық тудырған және ең бастысы, А.Есеналиевамен отбасын құру туралы ниетін жүзеге асыруға кедергі келтірген.

Өткен жылғы 13 қазанда Зеленов ауданының Зеленый ауылында орналасқан өз үйінде, айырылысып, А.Есеналиевамен отбасын құру туралы ниетін хабарлауына орай А.Сәдуақасов пен С.Әбілғалиеваның арасында жанжал орын алған. Жанжал барысында А.Сәдуақасов алдын ала ойластырылған жоспарын іске асырып, кішкене қызы С.Сәдуақасованың өзге бөлмеде ұйықтап жатқандығын пайдаланып, тұншықтыру арқылы С.Әбілғалиеваны өлтіріп, кейін мәйітін аулада орналасқан ұраға көміп, заттары мен құжаттарын жойған. Келесі күні таңертең қызын Орал қаласына апарып, орталық базарда қалдырып кеткен.

Соңғы жаңалықтар