Өз еліңнің әнұранын айтудан артық бақыт жоқ — Давид Лория жаңа спорттық этика туралы
АСТАНА.KAZINFORM - Қазақстанда спорттық этикаға қатысты жаңа ережелер белсенді түрде талқыланып жатыр. Атап айтсақ, спортшыларға діни көзқарасын көпшілік алдында білдірмеу, жалпы мінез-құлық ережелерін қатаң сақтау, мемлекеттік әнұранды жатқа білу және алкоголь ішуден бас тарту сынды, деп хабарлайды Kazinform тілшісі.

Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы Давид Лория соңғы жылдары спортшылардың дінге бет бұрғанын, бірақ сенім білдіру әркімнің өз таңдауы екенін айтты.
- Соңғы он жылда жігіттердің дінге бет бұруы артып кетті. Сенім олардың өмірінің маңызды бөлігі ғой, бірақ діни көзқарасын білдіру әлі де жеке әңгіме, мен әркім жаңа талаптарға түсіністікпен қарайды деп ойлаймын, - деді Лория.
Ол кәсіпқой футболшылардың басқа да этикалық нормаларды есте сақтауы керектігін атап өтті.
- Ішімдік ішпеу, күмәнді іс-шараларға қатыспау — өте қисынды.
Давид Лория сонымен қатар әнұранды білудің маңыздылығын атап өтті:
- Матч алдында өз еліңнің әнұранын шырқасаңыз, стадион сізбен бірге шырқаса, бұл жарысқа қатысудан артық құрмет жоқ. Ұлттық құрама ойыншысы әнұранды жатқа білуге міндетті, - деді Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы.
Осыған дейін Туризм және спорт министрінің бұйрығымен Қазақстан Республикасының спорттық әдебі бекітілгені туралы жаздық.