Өзара түсіністік адамдардың жеке бас бақытының кепілі- Түркия өкілі.

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Адам өзі білмейтін, өзі танымайтын дүниелердің қарсыласы. Осындай жағдайда жауапкершілік - беймәлім немесе өзгелерге бейтаныс дүниеде емес. Жауапкершілік - сол беймәлім дүниені білгісі келмейтін, оны білуге ұмтылмайтын адамда. Егер біз бір- бірімізді біліп түсінуге тырысатын болсақ, біз кез келген мәселені шешіп, кез келген қиындықты жеңе аламыз. Ыстамбұл мен Нью-Йоркте, Мадрид пен Лондонда және әлемнің өзге де қалаларында болған жарылыстар адамзатқа ортақ мәселелер. Олай болса, оларды шешуге деген ұмтылыс та ортақ болуы тиіс. Сондықтан да біз барлығымыз бірлесе отырып, ынтымақтастық пен мәдениеттің үлгісін жасауымыз қажет. Өйткені әлем қазір соғыстар мен қақтығыстарға емес, бейбітшілік пен түсіністікке зәру болып отыр. Өзара түсіністік адамдардың жеке бас бақытының кепілі», деді Түркия өкілі.