Өзара түсіністікпен және бірлесіп қызмет істеу туралы үш жақты меморандумға қол қойды - Қызылорда

ҚЫЗЫЛОРДА. Қыркүйектің 13-і. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Бүгін Қызылорда қаласының іргесіндегі Қарауылтөбе тәжірибе алаңында облыстық күріш өндірушілер және өңдеушілер қауымдастығының президенті Абзал Ералиев, облыс әкімінің орынбасары Рзақұл Нұртаев және «Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС директоры Серікбай Өмірзақов Қарауылтөбеде өзара түсіністік және бірлесіп қызмет істеу туралы үш жақты меморандумға қол қойды.
None
None

Меморандумның мақсаты қолданыстағы техникалардың экономикалық және агротехниканың сапалы тиімділігін анықтау болып табылады. Сондай-ақ облысқа бей-берекет келіп жатқан техникалардың қайда және қандай шаруашылықтарда қолданыста жүргенін қадағалау жасайды.

Басқосуда ауыл шаруашылығын жандандыруға бөлініп жатқан ақшаны үнемдеу, қадағалау мәселелері сөз болды.

Соңғы жаңалықтар