Өзбек түрмелерінен үйлеріне оралған ақтөбеліктер Қазақстан елшілігіне алғысын білдірді

АҚТӨБЕ. Шілденің 3-і. ҚазАқпарат /Самал  Ендібаева/ -  «Өзбекстандағы  біздің консулымыз  Бабыр  Дәуренбекке  үлкен   алғысымызды  білдіреміз,  ол  біздің жанымыздан  табылды,   туыстарымызға  қолдау көрсетті, бізді  шекарадан өткізіп, Бейнеуге  дейін    жеткізіп    салды. 
None
None

 Қазақстандық тараптың    бірлескен  күш-жігерімен  бізге жағдай  жасалды, біз   адвокаттар  мен туыстарымыздың Өзбекстанға    сапарын   көтерген    облыстық әкімдікке,    бізге моральды  қолдау көрсеткен барша азаматтарға  ризамыз.   Сыртқы  істер министрлігіне,   10 мың  доллар   қарызды төлеу  туралы   қолхат беріп,  біздің түрмеден шығуымызға көмектескен    республика үкіметіне   рахмет»,- дейді   Өзбекстанда     қамауда  болған    ақтөбелік жүргізушілердің бірі Серікбай Аманқосов  ҚазАқпарат тілшісіне  берген сұхбатында.

«Ақырғы шешімді  жария  еткен кезде,  бізден   10 мың  доллар    айыппұл   төлеуді  талап етті, онсыз оларды   түрмеден шығармады.   Біз,  туыстары жыларман болдық,   ондай ақша  бізде  қайдан болсын,   барлығымыздың  мойнымызда несие  бар,    мен     екі адамның артынан -  өзімнің   жұбайым  мен оның серіктесінің артынан бардым»,  дейді    Серікбай   Аманқосовтың   зайыбы  Гүлнәр Қаражанова.

Туған-туыстардың Қазақстан  үкіметі айыппұл мәселесін   шешеді  деген   қолхаттан кейін ғана,   ақтөбеліктер     маусымның 27-сінде бостандыққа  шықты.

Соңғы жаңалықтар